Қыз сүйісіп жатып, жігіттің тілін тістеп жұлып алған

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Бұл факт қылмыс пен құқықбұзушылықтың бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тексеру басталған / фото: kaktus.media
Бұл факт қылмыс пен құқықбұзушылықтың бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тексеру басталған / фото: kaktus.media

Қыз сүйісіп жатып, жігіттің тілін тістеп жұлып алған. Оқиға Қырғызстанның Манас ауданында 8 қарашада болған.

Kaktus.media ақпаратына қарағанда,  Жалал-Абад облыстық клиникалық ауруханасының директоры Кумар Ботокараев бұл жағдайды растады.

«Жігіттің тілінің ұшы мен төменгі ернінің бір бөлігі тістеліп кеткен. Науқасқа операция жасалып, жарақаттанған жері тігілді. Қазір ол жақ-бет хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Тілі қалпына келуі мүмкін. Мұндай жарақаттар әдетте эпилепсия кезінде кездеседі, бірақ сүйісу кезінде мұндай жағдай менің тәжірибемде алғаш рет болып отыр», – деді Ботокараев.

Манас аудандық ішкі істер бөлімі бұл факт қылмыс пен құқықбұзушылықтың бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тексеру басталған.

«Тергеу барысында 1999 жылы туған С. Н. есімді жігіт пен 2006 жылы туған А. Ж. есімді қыздың кездесіп жүргені анықталды. Оқиға күні олар досының үйлену тойына қатысып, алкоголь ішкен. Сүйісу кезінде А. Ж. жігіттің төменгі ерні мен тілін тістеп алған. Сондай-ақ, екі тараптың да психикалық денсаулығы қалыпты екені анықталды», – деп хабарлады милиция.

Қазіргі уақытта Манас аудандық милициясының тергеу қызметі жігітке қатысты сот-медициналық сараптама тағайындады. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Айта кететін жайт, Қырғызстанда мемлекеттік қызметкерлерге «лайк» басуға тыйым салынды.

Сондай-ақ оқыңыз