Жаңа жыл қарсаңында шоколад бағасы қымбаттап кетті

Сауда және интеграция министрлігі жыл басынан бері Қазақстанда шоколад конфеттері қымбаттап кеткенін хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, сауда сөрелеріндегі бағаның өзгеруіне өндірушілердің бастапқы бағаны көтеруі себеп болып отыр.
«Сауда желілерінің мәліметінше, өндірушілер биылғы жылдың ішінде бағаны 3 рет өсірген. Сауда желілері ULKER шоколадтарына шамамен 32 пайыз сауда үстемесімен сатады. Компания шоколадтың шығу құнын 12 ақпанда 15 пайыз, 15 шілдеде 9 пайыз арттырған. «Рахат Шоколад Казахстанский вес» – сауда желілеріне кіретін бағасы шамамен 7 702 теңге, бөлшек саудада 10 325 тг, сауда үстемесі 27 пайыз», – деген Kursiv.media тілшісіне жолдаған ресми хабарламада.
«Рахат Шоколад Казахстанский вес» зауытынан шоколадтың бұл түрінің де шығу құны биыл 3 рет өзгерген:
- 1 сәуірден бастап +5 пайыз;
- 2 шілдеден бастап +11 пайыз;
- 16 қазаннан бастап +10 пайыз өскен.
Яғни, жыл ішінде баға 26 пайыз қымбаттаған.
Министрлік шоколад – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тағамдары қатарына (ӘМАТ) кірмейтінін ескертеді. «Сондықтан қандай сауда үстемесетін қосатынын бизнес нарыққа қарай белгілейді. Ал ӘМАТ-қа сауда үстемесі 15 пайыздан аспауы керек» делінген ресми жауапта.
Айта кетейік, қазақстандықтар азық-түлікті кредитке сатып алып жүргені жайлы жазған едік.