2026 жылы Red Bull, Gorilla, Dizzy және басқа да сусын күрт қымбаттайды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
энергетикалық сусындар red bull gorillla
фото: shutterstock

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда Red Bull, Gorilla, Dizzy секілді сусындар күрт қымбаттайды. Себебі 2026 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енетін жаңа Салық кодексінде алғаш рет энергетикалық сусындарға 10% акциз салығы енгізіліп отыр.

Red Bull неге қымбаттайды

Кейінгі жылдары республика азаматтары, әсіресе жастар энергетикалық сусындарға қатты әуестеніп кетті. Кері әсері көп талқыланып жатқан уақытта, Денсаулық сақтау министрлігі акциз енгізу жөнінде ұсыныс тастады. Бағаны көтеретін бастама жаңа Салық кодексіне кірді. Енді 2026 жылдан бастап энергетикалық сусын өндірушілер 10% акциз салығын төлейді.

Сонымен бірге, акциз мөлшерлемесі жылдан жылда ұлғая береді. Мәселен, 2026 жылы 1 литр сусынға 100 теңге, ал 2030 жылы 240 теңге акция салығы салынады.

«Бірақ оның басқа да сусындарға қатысы жоқ. Red Bull, Gorilla секілді, құрамында таурин, кофеин секілді заттар бар энергетикалық сусындарға қатысты», – деп түсіндірді мемлекеттік кірістер комитеті басшысының орынбасары кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов.

энергетикалық сусындар акциз салығы мөлшерлеме графика
графика: Kursiv.Media

Сусын бағасы қаншаға қымбаттауы мүмкін

Сонымен бірге 2026 жылдан бастап қосылған құн салығы 16% деп белгіленді. Соған байланысты жаңа жылдан бастап тауар бағасы қосымша 4-5%-ға көтеріледі.

Сарапшылар жаңа Салық кодексі қолданысқа енген тұста инфляция одан сайын күшейе түседі деп болжап отыр. Үкіметтегілер де оны жоққа шығармайды. Импорттаушылар да тауар 30–45%-ға қымтаттауы мүмкін екенін деп болжады. Өйткені, акциз ғана емес, логистика, қаптама және дистрибьюторлық маржа да көтеріледі.

Осының бәрін қоса есептесек, жаңа жылда энергетикалық сусындар шамамен 300-400 теңгеге қымбаттайды.

Бүгінгі бағамен есептесек:

БрендҚазіргі орташа баға (250 мл)2026 жылға болжанған баға
Red Bull850–950 тг1 100–1 300 тг
Gorilla550–650 тг800–950 тг

Мәліметтерге қарағанда, Қазақстанда жасөспірімдердің шамамен 43%-ы энергетикалық сусын ішеді.

Бұған дейін Kursiv.Media жаңа жылдан бастап темекі бағасы күрт көтерілетінін, 2030 жылға қарай баға шамамен екі есеге қымбаттайтынын жазған.

Сондай-ақ оқыңыз