Тоқаев Путинге хат жазды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына мемлекеттік сапардың қорытындысы бойынша Ресей басшысы Владимир Путинге хат жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
«Жылы жүздесу, өзара сенім, түсіністік пен ашықтық сипатында өткен келіссөздер сапардың сәтті болуына септігін тигізді. Қазақстан халқы мұны зор ықыласпен қабылдады. Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қарым-қатынасын жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне жеткізу жөніндегі декларация айрықша мәнге ие. Бұл құжат елдеріміздің сан қырлы ынтымақтастығын айтарлықтай нығайтады», – делінген Тоқаевтың хатында.
Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясында мемлекеттік сапармен болды. Тоқаев пен Путин 2025 жылдың соңына дейін тағы екі рет кездеседі.Сондай-ақ, Ресей көшбасшысы 2026 жылы Қазақстанға келеді.