Қоқыс контейнерінен жаңа туған сәбидің денесі табылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Күдікті әйел / фото: Қырғызстан ІІББ баспасөз қызметі
Күдікті әйел / фото: Қырғызстан ІІББ баспасөз қызметі

Қоқыс контейнерінен жаңа туған сәбидің денесі табылды. Оқиға Қырғызстанның Шу облысында болған.

KaktusMedia ақпаратына қарағанда, жаңа туған сәбиді өлтірді деген күдікті әйел ұсталды.

12 қараша күні шамамен 12:30-да Сокулук ауданының ІІБ-на Комсомольское ауылындағы қоқыс алаңынан тіршілік белгісі жоқ жаңа туған баланың денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына барған милиция жаңа туған қыз баланың денесін жергілікті тұрғын тауып алғанын анықтады. Ол сәбиді Дорожная көшесіндегі қоқыс контейнерінен көрген.

Сәбидің денесі ақ пакетке салынып, үсті қара түсті әйел футболкасымен оралған. Нәрестенің кіндігі байланбағаны анықталды.

Табылған шарананың өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Милиция бұл факті бойынша «Жаңа туған баланы анасының өлтіруі» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Көп ұзамай күдікті – 2002 жылы туған, Комсомольское ауылында уақытша тұратын әйел ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Айта кететін жайт, Қырғызстанда қыз сүйісіп жатып, жігіттің тілін тістеп жұлып алғаны туралы жазған болатынбыз.

Сондай-ақ оқыңыз