Болат Назарбаевтың туысының үйінде не болып жатыр? Полиция түсініктеме берді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен учаскелік инспекторлар барған / фото: shutterstock
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен учаскелік инспекторлар барған / фото: shutterstock

Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың туыстарына тиесілі үйдің маңайында полиция қызметкерлері қаптап кетті.

Egov.press ақпаратына қарағанда, бұл туралы Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының тұрғандары хабарлаған.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, бұл үйде қылмыс жасалуы ықтимал.

Бұл жөнінде KursivMedia Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сауал жіберді.

«14 қарашаға қараған түні Қарғалы ауылының тұрғындары полицияға бейтаныс адамдардың бағалы заттарды ұрлап кеткені туралы хабарлаған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен учаскелік инспекторлар барған», – деп жауап берді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Органның ақпаратына қарағанда, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта күдіктілерді анықтап, ұстауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

«Полиция бөлімшелерінің бүкіл жеке құрамы жұмылдырылды, сондай-ақ іздестіру бағыттамалары жақын маңдағы барлық өңірлерге жіберілді. Жедел-іздестіру шараларының кешені жүргізілуде», – делінген ақпаратта.

Айта кететін жайт, бас прокурор Нұрбол Назарбаевтың  активтер жөнінде мәліметтерді жариялаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз