Тимур Сүлейменов теңге бағамы неге нығайып тұрғанын айтты

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңге мен доллар жұбындағы бағам нарықтағы сұранысқа байланысты қалыптасатынын айтты. Теңге еркін айналымдағы валюта болғандықтан, бас банк айырбас бағамын ретттемейді. Бұл туралы ол Қаржыгерлер конгресінің кулуарында айтты.
«Негізгі және валюта курсына қатысты факторларға қарасақ, біз айырбас бағамын тікелей реттемейміз. Бағам сұраныс пен ұсыныс әсерінен қалыптасады: қанша доллар ұсынылса, оған сонша сұраныс бар деген сөз. Қазіргі кезде факторлар теңгенің нығаюына әсер етіп отыр. Олардың қатарында квазимемлекеттік сектордың валюта түсімдерін сатуы, мұнай бағасы, резевтегі алтынды сату мен Ұлттық қордан бөлінетін трансфеттер бар», – деді Сүлейменов.
1993 жылы жаңа ұлттық валюта айналымға енген кезде, 1 АҚШ долларының бағасы небәрі 5,3 теңге болды. Осы жылдар аралығында теңге 100 есе құнсызданған.
2015 жыл Қазақстан валютасы үшін тарихи кезең болып, сол жылы еркін айырбас бағамы режиміне көшкені белгілі.
Биыл қыркүйекте доллар «псохологиялық меже» – 550 теңгеден асты. Осы ретте Halyk Finance сарапшылары 2025 жылдың соңына қарай доллар бағамы 550 – 560 теңгеге жетеді, ал 2026 жылы бір доллар үшін 610 теңге болуы мүмкін деп болжаған.
Алайда қазан-қараша айларында доллар қайта арзандап, 525 теңгеге дейін түсті . 14 қарашада Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 523,1 теңгеден саудаланып жатыр.