Қазақстан азаматы Вьетнамнан Астанаға ауыр халде жеткізілді
Жарияланды

2025 жылдың 14 қарашасында Вьетнамнан Астанаға 1973 жылы туған азамат ауыр халде медициналық авиациямен жеткізілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
Пациент отадан кейінгі кезеңде болған геморрагиялық инсульттан кейін шұғыл тасымалдауды қажет еткен.
Операцияны Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының (ҰШМҮО) медициналық авиация бригадасы жүзеге асырды. Ұшу барысында пациенттің жанында дәрігер Борис Сартаев пен фельдшер Ерұлан Құндақбаев болды.
Қазіргі уақытта науқас әрі қарай ем қабылдау үшін ҰШМҮО-ның нейрохирургия және неврология бөліміне жатқызылды.