Алаяқтардың жаңа тәсілі – жұмыс ұсыну: полиция қазақстандықтарды сақ болуға шақырады

Абай облысының полиция департаменті жұмыс ұсынып, интернет арқылы aлаяқтық жасау оқиғалары көбейгенін ескертті.
NoFake.kz. хабарлауынша, вакансия жариялағандай көрінетін алдамшылар танымал сайттар мен әлеуметтік желілерге хабарландыру орналастырып, жұмыс іздеушілерге жалған сайттар мен қосымшалардың сілтемелерін жібереді.
«Осындай хабарландыруларға жауап берген азаматтарға кейін жалған сайттар немесе анкеталардың сілтемелері жолданады. Кей жағдайларда алаяқтар «жұмысқа қажет» деп мобильді қосымша орнатуды сұрайды, бірақ ол қосымша зиянды бағдарламалық қамтамаға толы болып шығады», – деп түсіндірді облыстық полиция.
Кейбір азаматтар шетелде жұмысқа орналастыруды сылтауратып, еңбек немесе жыныстық құлдыққа түсіп қалған.
Айта кететін жайт, қазақстандықтардың атынан алаяқтар алған 717 млн теңге кредит кешірілді.