Қазақстанда блогер Mellstroy-ге іздеу жарияланды

Қазақстанда блогер Mellstroy-ге іздеу жарияланды. Бұл ақпарат Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есептер органдарының порталында пайда болды
Tengrinews.kz ақпаратынша, Mellstroy (шын аты – Андрей Бурим) — беларусьтік стример, блогер және инфлюенсер. Ол орыс тілді интернетте «trash-стример» ретінде танымал болды. Мұнда контент жиі шок тудыратын, арандатушылық сипаттағы және шектен шығатын әрекеттермен ерекшеленеді.
2017 жылдан бастап Андрей Twitch және YouTube платформаларында ойын стримдерінен бастап, кейін алкоголь, кештер және аудиториямен түрлі әрекеттесулер (донат-челлендждер, розыгрыштар) қамтылған «лайв-шоуларға» көшті. Оның аудиториясы негізінен ТМД жастары, Instagram, Twitch және YouTube сияқты платформаларда миллиондаған жазылушысы бар.
Андрей Александрович Буримге қатысты іздеу ісі кеше, 15 қарашада, Астана өңірінде тіркелген. Іздестіруді бастаған орган – Қаржылық мониторинг агенттігі.
Іздеу жұмыстарын Астана қаласы бойынша экономикалық тергеулер департаменті жүргізуде.
Блогердің неліктен іздеуге жарияланғанын ҚМА кейінірек хабарлайтынын айтты.
Сонымен қатар қарашаның басында Беларусь елінде Mellstroy-дың арналары экстремистік деп танылды. Бұл шешім блогердің ұйымдастырған «конкурсы» салдарынан елдің түрлі қалаларында орын алған бұзақылық және заңсыз жаппай шаралардан кейін қабылданған.
Мұның алдында қазақстандық инфлюенсерлердің қандай қандай көлікпен жүргені мәлім болды.