Жұмыссыз жүргендерге бюджеттен 106,8 млрд теңге төленді

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: ашық дереккөзден

2025 жылғы 1 қарашадағы мәлімет бойынша, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты азаматтарға жалпы 106,8 млрд теңге көлемінде әлеуметтік төлем жасады.

Биыл алғаш рет төлем тағайындалғандардың саны 268,6 мың адамды, ал жалпы алушылардың саны 308,4 мың адамды құрады.

Қолданыстағы заңнамаға сай, жұмыстан босатылған жұмысшылар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі мен соңғы 24 айдағы табысына қарай 1 айдан 6 айға дейін әлеуметтік төлем алады. Бұл төлемдер жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен беріледі.

Бірінші қазандағы жағдай бойынша, жұмысынан айырылған 285,2 мың адамға 95 млрд теңге төленген.

Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған азамат не істеу керек екенін мына жерден оқи аласыз.

Сондай-ақ оқыңыз