Тұтынушылық несие мен BNPL: экономиканы ынталандыру ма, әлде инфляция драйвері ме?

21 қарашада Алматыда тұтынушылық кредиттің Қазақстан экономикасына әсеріне арналған Kursiv Research-тың дөңгелек үстелі өтеді. Қарызға бату мәселесі: бөліп төлеудің кеңінен қолданылуы шынымен де шамадан тыс қарыз алуға әкеле ме деген сұрақ пікірталастың басты тақырыбы болмақ.
Тұтынушылық несие беру нарығы мен «Қазір алып, кейін төле» (BNPL) өнімі Қазақстандағы бөлшек сауда мен e-commerce-тің ажырамас бөлігіне айналып, тұтынушылық сұранысты арттыруға жағдай жасап отыр. Алайда реттеушілер жоғары инфляция мен азаматтардың қарыз жүктемесі өсіп бара жатқан кезде, осы аталған құралдарды инфляцияны арттыратын факторлардың бірі ретінде жиі айтып жүр.
Сарапшылар қатысқан пікірталас тұтынушылық несие беру мен бөліп төлеу (BNPL) сияқты сервистердің қарқынды өсуі Қазақстанның инфляциялық процесінде қалай көрініс табатынын бағалауға мүмкіндік береді. Дөңгелек үстел барысында:
- Сұраныс пен бағаның өсуіне «несие алудың артуының» нақты ықпалы қандай?
- Қаржылық инклюзия, бөлшек сауданы қолдау және экономиканың «қызып кету» қаупінің арасындағы шекара қандай?
- Қазіргі және ұсынылып отырған нарықты «салқындату» шаралары қаншалықты тиімді және бизнес үшін қандай салдары болуы мүмкін деген маңызды сұрақтар талқыланады.
Талқылауға қатысатындар:
- Елена Бахмутова, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы
- Виталий Тутушкин, ҚР Ұлттық Банк төрағасының орынбасары
- Ғалым Құсайынов, Teniz Capital Investment Banking директорлар кеңесінің төрағасы
- Мұрат Темірханов, Halyk Finance басқарма төрағасының кеңесшісі
- Эльдар Шамсутдинов, «Комментарий» сараптама тобының жетекшісі, ҰЭМ жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы
Модератор: Kursiv Research жетекшісі Сергей Домнин
Іс-шара жабық форматта өтеді, алайда БАҚ және блогерлер алдын ала тіркеліп қатыса алады. Байланыс үшін Анельге хабарласу керек.
Өтетін орны: Алматы, Holiday Inn Almaty, Тимирязев көшесі 2 үй
Күні мен уақыты: 21 қараша. Тіркеу – 14:30, талқының басталуы 15:00. Ұзақтығы – екі сағат.
БАҚ аккредитациясы: Анель Досмұхамедова +7 701 881 2526
a.dosmukhamedova@kursiv.media