Zeekr шығаратын Geely қытай компаниясы BYD мен Xiaomi-ді басып озды

Zeekr, Coolray, Atlas, Okavango секілді автокөлік шығаратын Geely қытай компаниясы сауда жөнінен BYD, Xiaomi секілді бәсекелестерін басып озды. 17 қарашада автокомпания үшінші тоқсанның нәтижесін жариялады, деп хабарлады Bloomberg.
Қытай компаниясының табысы артты
Geely-дің үш айдағы табысы былтырмен салыстырғанда 59%-ға артып, 535 млн доллар болды. Компания көлік сату көрсеткішін 43%-ға көбейтті. Ол BYD мен Xiaomi секілді гиганттармен бәсекелесу үшін көлік сату желілерін кеңейтіп жатыр.
Кейінгі екі тоқсанда BYD табысы азайып кетті. Себебі Geely-дің 2025 жылғы тоғыз айда Қытайдағы саудасы 50%-ға артқан. Ал BYD-дің ішкі саудадағы өсімі бар болғаны 5% болған.
Қазақстан және Geely
Geely көліктері ТМД елдерінде, әсіресе Қазақстан мен Ресейде үлкен сұранысқа ие. Алайда Ресейдегі сауда күрт төмендеді. Өйткені көрші елдің билігі автомобиль импортына салықты өсіріп жіберді. Оның үстіне, Ресей утилизация алымын көтергелі жатыр. Соған байланысты Қазақстан мен Ресей арасындағы шекарада 9 мың жүк көлігі қаңтарылып кезек күтіп тұр.
Бір ай бұрын ғана Geely Coolray мен Emgrand көліктерін Алматыдағы зауытта құрастыратыны мәлім болған. Ал қарашаның басында Preface седаны мен Geely электрлі кроссовері ел аумағында шығарылатыны жарияланған.