Бүгіннен бастап Дубайға ұшу билеті 100 долларға дейін арзандады

FlyArystan 17 қарашадан бастап Ақтау – Дубай – Ақтау бағытында ұшатын әуе билеттерін 100 долларға дейін арзандатты. Бұл туралы Kursiv.Media әуе компаниясының мәліметіне сүйене отырып хабарлады.
Қазақстандық лоукостер күз-қыс маусымындағы сапарлар үшін Ақтаудан Дубайға ұшатын рейске жеңілдік жариялайды.
«Арнайы бағалар 2025 жылдың 17 қарашасы сағат 11:00-ден 18 қараша сағат 23:59-ға дейін қолданылады. Осы кезеңде жолаушылар 2025 жылғы 29 қарашадан 2026 жылғы 28 наурызға дейінгі сапарларға тиімді бағамен билет сатып ала алады», – деп таратты әуе компаниясы.
Стандарт тариф (жолжүксіз) құны Ақтаудан Дубайға 53 мың теңгеден, ал Дубайдан Ақтауға 59 мың теңгеден басталады.
Жаңа бағыттағы алғашқы рейс 2025 жылғы 29 қарашада орындалады. Алғашқы кезеңде рейстер аптасына бір рет – сенбі күндері жүзеге асырылады. 16 желтоқсаннан 6 қаңтарға дейін, сонымен бірге 2026 жылдың 10-24 наурызы аралығында сейсенбі күндері қосымша рейстер орындалады.
Арнайы бағадағы орындар саны шектеулі. Лоукастер баға валюта бағамының өзгеруіне байланысты аздап ауытқуы мүмкін екенін ескертіп отыр.
FlyArystan лоукастерінің Ақтаудан Дубайға тікелей рейс ашқаны 2025 жылғы қазанның басында мәлім болған. Сол кезде бір бағытқа билет 62 мың теңгеден басталатыны айтылған.
Осының алдында Kursiv.Media Нью-Йоркті басып озған Дубай байларға қолайлы қала атанғаны туралы жазған.
Өткен айда әлемдегі ең биік ғимарат – Бурдж-Халифа Қазақстанның көк туымен боялған.