14 жастағы қыздың өлімі: полиция күдіктіні ұстаған сәттің видеосын жариялады
Жарияланды

Ақмола облысы Целиноград ауданы Ынтымақ ауылында 14 жастағы пышақ жарақатынан қайтыс болды. Қайғылы оқиға туралы 15 қарашада хабарланды.
Полиция күдіктінің Целиноград ауданы Родина ауылының маңында ұсталғанын хабарлады. Сондай-ақ ер адамды ұстаған сәттің видеосын жариялады.
«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында», – делінген полиция таратқан ақпаратта.
Құқық қорғау органдары күдікті заң талабына сәйкес қатаң жазаға тартылатынын мәлімдеді.