Бағасы 222 млн: Назарбаев мінген Mercedes Benz көлігі әлі сатылмады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
General News бөлімінің тілшісі
Назарбаевтың қызметтік көлігінің бағасы қанша? / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстанда 30 жыл бұрын шыққан брондалған Mercedes-Benz S600 қайтадан сатылымға қойылды. Бұл көлік кезінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі болған деген ақпарат бар. Көлік бағасы 222 млн теңге деп көрсетілген, бұл сома жаңа Bentley немесе Lamborghini автокөліктерінің құнымен шамалас.

Сатушының айтуынша, бұл седан Назарбаев билікке келгеннен кейін мінген алғашқы көліктердің бірі болған. Жарнамада көліктің техникалық паспортының фотосы жарияланған, онда көлік Президент әкімшілігінің балансында болғаны көрсетілген.

Алайда бұл көлікті елдің экс-президенті өзі жеке пайдаланғанын дәлелдейтін ресми құжаттар жоқ.

1993 жылы шыққан Mercedes-Benz 6 литрлік бензин қозғалтқышымен, автоматты беріліс қорабымен және артқы жетекпен жабдықталған. Жүрісі – небәрі 38,4 мың шақырым. Көліктің басты ерекшелігі – B7 деңгейіндегі бронекапсула.

Бұл көліктің сатылатыны туралы Kursiv.media сәуір айында жазған болатын. БАҚ беттерінде көліктің сатылатыны жайлы ақпарат алғаш рет 2022 жылдың қарашасында тіркелген еді, сол кезде бағасы небәрі 25 млн теңге болған. 2023 жылдың тамызында көлік қайта сатылымға шықты, ал бағасы қазіргі 222 млн теңгеге дейін өскен. Содан бері осы бағаны ұстап келе жатыр.

Салыстырмалы түрде алып қараса, мұндай сомаға Қазақстанда жаңа Bentley Bentayga (200 млн теңгеден бастап) немесе Lamborghini Urus (200–250 млн теңге аралығында) сатып алуға болады.

Бронекапсуласы және «президент мінген» сияты басты артықшылықтарға қарамастан, бұл Mercedes автосайтта ең ұзақ сатылып жатқан көліктердің бірі болып қалып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз