БҚО тас жолында сегіз адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы «Шапай – Жаңақала – Сайқын» автожолының 50 шақырымындағы жол көлік апаты кезінде сегіз адам қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға жатқызылды.
«17 қарашада облыстық маңызы бар Шапай – Жаңақала – Сайқын автожолының 50-ші шақырымында Toyota Camry және Volkswagen Sharan автомобильдерінің соқтығысып, содан кейін автомобильдердің бірі өртенді. Оқиға салдарынан сегіз адам оқиға орнында қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға жатқызылды», – деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Жүргізушілердің бірі келе жатқан жолаққа шықты деген нұсқа алдын-ала қарастырылады.
«Қозғалысқа сыртқы кедергілер болмаған. Жергілікті жерде полиция қызметкерлері, жедел-тергеу тобы және ТЖМ бөлімшелері жұмыс істеді. ЖКО-ның барлық мән-жайлары мұқият зерттеліп, тергеу шеңберінде анықталатын болады. Полиция жүргізушілерге жүгінеді: жол ережелерін қатаң сақтаңыз. Кез келген бұзушылық, әсіресе адамдарды тасымалдау кезінде, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді», – деп атап өтті полиция.
Айта кетейік, осыған дейін Қарағанды облысында 7 адам қайтыс болған жол апатына кінәлі деп танылған азамат 5 жылға сотталды.