Жетісайдағы 12 адамның қазасы: полиция қылмыстық іс қозғады
Жарияланды

Түркістан облысы Жетісай ауданындағы қайғылы жағдайдан кейін полиция «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесінде процестік шешім қабылданады», – деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
18 қараша таңертең Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке тұрғын үйден 12 адамның мәйіті табылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев марқұм болғандардың туыстарына көңіл айтты.
Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеров аймақтағы мамандар барлық қажетті қолдауды көрсетететін мәлімдеді.