Иран президенті Пезешкиан Қазақстанға келеді

Иран президенті Масуд Пешезкиан келесі айда Қазақстан мен Түркіменстанға келеді. Мемлекет басшысы Решт қаласында өтіп жатқан Каспий елдері форумында осылай деп мәлімдеді. Президент сөзін Tehran Telegraph таратты.
Басылымның мәліметінше, президент Пезешкиан Каспий өңіріндегі барлық елмен саяси, экономикалық және мәдени байланысын кеңейткісі келеді.
Иран сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арагчидің айтуынша, мемлекет басшысы теңіз жағалауындағы мемлекеттердің басшыларының бәрімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Министр Пезешкианның осы сапары сауда келісімдері, энергетика жобалары және мәдени байланыстарға арналады.
2025 жылы Пезешкиан Әзербайжан мен Ресейге барып, сауда келісімдеріне отырған.
Кардиохирург, саяси және мемлекет қайраткері Масуд Пезешкиан 2024 жылғы 28 шілдеде президент атанды. Ол Қазақстанға алғаш рет келеді.