Қытайлық МӨЗ мұнайды Ресейден емес БАӘ мен Қазақстаннан сатып алады

Reuters агенттігінің хабарлауынша, yanchang Petroleum мұнай өңдеу компаниясы батыс елдерінің санкциясына байланысты ресейлік мұнайды сатып алуды тоқтатқаннан кейін Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстаннан 3 миллион баррель шикі мұнай сатып алған.
Қытайлық YANCHANG Petroleum МӨЗ 3 млн баррель шикі мұнай сатып алған. Оның ішінде швейцариялық Mercuria трейдері арқылы Абу-Дабиден 2 млн баррель Murban алса, Қазақстаннан 1 млн баррель CPC Brend маркалы (Каспий құбыр консорциумы арқылы өтетін мұнай) мұнай алған. Сатып алу бағасы белгісіз.
Өткен аптада Янчанг желтоқсан мен ақпан айының ортасы аралығында жеткізу үшін ресейлік емес мұнай сатып алуға тендер жариялады. МӨЗ Шэньси провинциясында орналасқан. Зауыт тәулігіне 348 мың баррельге дейін мұнай өңдей алады.
23 қазанда ЕО Ресейге қарсы 19-пакет санкция енгізген. Соған сәйкес 2027 жылдан бастап сұйытылған табиғи газ импортын тоқтату, көлеңкелі флоттың 117 кемесіне шектеу қою және ресейлік дипломаттардың ЕуроОдақ аумағында жүруіне қатысты жаңа ережелер бекітілді.
Politico басылымының дерегінше, жаңа аясында ЕО Ресейден әкелінетін темір мен болатқа, бейорганикалық химикат пен калий тыңайтқыштарына кеден баж салығын енгізуді жоспарланып отыр.