Қазақстандық суперкомпьютер әлемдегі топ-100 тізіміне енді

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Қазақстандық суперкомпьютер әлемдегі топ-100 тізіміне енді / Фото: Shutterstock

Қазақстандық ұлттық суперкомпьютер «Alem.Cloud» әлемдегі ең қуатты есептеу жүйелерінің халықаралық рейтингі TOP-500 тізімінде 86 орынға кірді. Рейтингке тек HPL (High-Performance Linpack) стандарты бойынша тәуелсіз тестілеуден өткен.

«Alem.Cloud» суперкомпьютерін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясы құрған. Кластер жоғары тығыздықтағы бірыңғай GPU-кешеніне біріктірілген 64 HPE Cray серверінің базасында іске қосылған. Әрбір есептеу торабы жоғары жылдамдықты қамтамасыз ететін NVIDIA H200-бен жабдықталған.

«Alem.Cloud суперкомпьютері жобасы Біріккен Араб Әмірліктеріндегі G42 тобына кіретін Presight халықаралық технологиялық компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылды. Presight жоғары өнімді есептеу кластерлерін жобалау мен AI экожүйесін дамытуға техникалық қолдау көрсетіп, әлемдік үздік тәжірибелерді Қазақстанның қажеттіліктеріне бейімдеуге мүмкіндік берді», – делінген Цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігінің хабарламасында.

Қуаты

Жүйе жоғары петафлопс диапазонында өнімділікті қамтамасыз етеді және Қазақстан мен Орталық Азия аймағындағы ең қуатты есептеу платформасы. Суперкомпьютер бағдарламалық және қауіпсіздік жасақтамасы:

  • SUSE Harvester (виртуализация және таратылған есептеулерге арналған жаңа буын гипервизоры);
  • SUSE Rancher (Kubernetes пен AI-жүктемелерін орталықтан басқару платформасы) 
  • SUSE NeuVector (контейнерлік қауіпсіздік, желілік бақылау және рантайм-қорғау жүйесі);
  • Palo Alto Networks желілік сегментация және киберқауіпсіздік шешімдері;
  • Thales криптографиялық және аппараттық шифрлау құралдары.

Бұған дейін «ҰАТ» АҚ техникалық мамандары халықаралық серіктестермен бірлесіп, HPL (Linpack) әдістемесі бойынша кешенді тестілеу жүргізген еді.

Сондай-ақ оқыңыз