Тұмау өршіді: Қазақстанның жеті өңіріндегі оқушылар онлайнға шықты

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
вакцинация
Елде тұмау өршіп жатыр /фото: shutterstock, бильд-редактор: Дина Карамчакова

Елдегі эпидахуал өршіп, жеті өңірдегі оқушылар онлайнға ауысты. Бұл жайлы ЖРВИ-ге қатысты өткен брифингте елдің бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова айтты.

«19 қарашадағы жағдай бойынша, жеті өңірде қашықтан оқыту туралы шешім қабылдады. Ол Астана қаласы, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстары. Жалпы республика бойынша 132 мектепте 1469 сынып қашықтан оқытылатын форматқа ауыстырылды», – деді ол.

Бейсенованың түсіндіруінше, мектептерді қашықтан оқыту форматына ауыстыру жайлы өңірдегі санитарлық дәрігерлер өздері шешім қабылдай алады. Егер өткен аптамен салыстырғанда облыстағы ауруға шалдығу деңгейі бір жарым есе өссе, онда мектептерді онлайнға ауыстыра алады.

Бүгін Абай облысы әкімдігі елде эпидахуал қиындап, 10 мың оқушыны онлайнға ауыстырғанын хабарлады. Өңірдегі үш жүзден аса мектептің  58-і ішінара қашықтан оқу форматына көшкен.

Сондай-ақ оқыңыз