Toyota Land Cruiser рамадан айрылып, электрокарға айналады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Toyota Land Cruiser
фото: bestcarweb.jp, бильд-редактор: Дастан Шанай

Бұрынғы Toyota көлігінен «ештеңе қалмады» деп шағымданатындар көп. Дегенмен жапондар тағы бір жаңалық енгізуге бел буды: компания рамасы жоқ, тұтас кузовтан тұратын Land Cruiser электрокарын жасап шығармақ, деп хабарлады Best Car.

Дизайны мен габариттері

Электромобиль Land Cruiser Se концепті негізінде дайындалады. Ол 2023 жылы Токиодағы автосалонда көрсетілген. Сыртқы көрінісін айтарлықтай өзгеріс жоқ: қырланған дизайн, капоты жоғары, диод оптика және ауа бағытын өзгертуге арналған үлкен спойлер өзгеріссіз қалады.

фото: bestcarweb.jp, бильд-редактор: Дастан Шанай

Автомобиль ұзындығы – 5 150 мм, ені – 1 990 мм, биіктігі – 1 705 мм. Рамасы жоқ болғандықтан, жаңа көлік кәдімгі Land Cruiser 250-ден 165 мм төмен. Сол себепті ол қалада мінуге арналған көлікке көбірек ұқсайды, дегенмен сыртқы келбетіне қарап олай деу қиын.

Бала-шаға тасуға ыңғайлы

Салон жеті адамға шақталған. Үш қатар орындық бір отбасын тасуға ыңғайлы. Достармен серуендеуге де болады. Интерьері заман талабына сай, цифрлы Aline сәулет үлгісі, түрлі электрон функциялары бар.

Күш-қуаты

Моторы мен батареясы туралы ресми мәлімет жоқ. Бірақ жаңа «Крузак» толықтай электрокарға айналатыны анық. Гибрид нұсқасы да шығуы мүмкін.

фото: bestcarweb.jp, бильд-редактор: Дастан Шанай

Қашан саудаға түседі

Жаңа Land Cruiser электрокары 2028 жылы жарыққа шығады. Ол Toyota автогигантының кейінгі жылдары ұсынған ең ерекше өніміне айналуы мүмкін. Жол талғамайтын бренд элементтерін сақтай отырып, қала мен отбасыға ыңғайлы автокөлікке айналады.

Бұған дейін Kursiv.Media жапон компаниясының Land Cruiser Pickup деп аталатын жаңа пикап үлгісін дайындап жатқанын жазған.

Сондай-ақ оқыңыз