Фельдшер Ұлдана Мырзуанның жары әсерлі жазба жариялады

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Фельдшер Ұлдана Мырзуанның жары әсерлі жазба жариялады / Фото: threads

Қызмет бабында қайтыс болған жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның күйеуі әсерлі пост пен марқұмның суреттерін жариялады. Келіншек 18 қарашада Астанадағы тұрғын үйдің қаптамасы құлағаннан кейін ауруханада қайтыс болды.

Фотосуретте жас жұбайлар ақ киіммен суретке түскен. Әділет Зейнелдің жазуынша, ешқандай медаль немесе сөз оған сүйіктісін қайтара алмайтынын мойындайды.

«Ешқандай медаль,ешқандай сөздер менін жүрегімнін иесін маған қайтарып бере алмайды,Үйіме нұр құт береке әкелген Алла қосқан адал жарымнын тілеуін тілеген барша Қазақ еліне алғысым шексіз. Осы уақытқа дейін Алладан жүрегімді аман алып қалуын тілеп,қасында барынша көп болып дұға еттім,сабыр қылып бәрін сабырға салдым», – делінген жазбада.

Сондай-ақ, ер адам қайғылы оқиғаны тергеп, кінәлілерді жазалауды, адал тергеуді талап ететінін атап өтті.

«Ендігіде менде талап соттын адал өтуі, тергеудің адал қаралуы, Құдай қосқан қосағымның жаны тыныш болуы үшін осыны аяғына дейін алып бару керек. Жауаптылар жазасын алу керек!»- деді Әділет Зейнел.

Жазбаға пікір қалдырған мыңдаған жанашыр адамдар пікір жазды. Пайдаланушылар отбасына қолдау көрсетіп, қайтыс болғандарға қайғы-қасірет білдіруде.

Естеріңізге сала кетейік, 8 қарашада Астанада тұрғын үйдің қасбетінен кірпіш қаптама құлаған болатын. Құтқару жұмыстары кезінде 9-қабаттан кондиционер Ұлдананың басына құлады. Ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізлііп, бас сүйегіне трепанация жасалды, бірақ қызды құтқару мүмкін болмады.

Ұлдана небәрі 23 жаста еді. Ол медицинада бес жыл жұмыс істеді және жақында отбасын құрған.

Ұлдананы жерлеу рәсімі бүгін, 19 қарашада өтті.

Сондай-ақ оқыңыз