Бір адамды соққыға жыққан төрт жігіт бес жылға түрмеге қамалды

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты түнде көшеде кездейсоқ өтіп бара жатқан адамды ұрып-соғып, тонап кеткен төрт адамға үкім шығарды.
Олар ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша зорлық-зомбылықты қолдана отырып, өмірге қауіп төндірген адамдарды қарақшылық шабуыл жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Тергеу барысында айыпталушылар шабуыл туралы алдын-ала келісіп, рөлдерді бөліп, түнде адам көп емес орынды таңдап, беттерін жасыру үшін бетперде кигені анықталды.
«Шабуыл кезінде олар жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін физикалық зорлық-зомбылықты қолданды, содан кейін оған тиесілі мүлікті ұрлап кетті. Сотталушылардың кінәсі жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтарымен, сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен, сондай-ақ қылмыстық істің басқа да материалдарымен расталады»,-деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Прокурор мен жәбірленуші 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыруды талап етті. Сот жеңілдететін жағдайларды қарастырды. Нәтижесінде әрқайсысына бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Хасан Қасымбаевтың үкімі туралы жазған болатын. Ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды. 2021 жылдың жазында Талғарда Қасымбаев пен оның серіктері бір адамды ұрлап, ұрып-соғып, ақша талап еткен.