Астанада концерт өткізуге шектеу: Санитарлық дәрігер қаулы шығарды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Астанада концерт өткізуге шектеу: Санитарлық дәрігер қаулы шығарды / Фото: Shuttertsock

Санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу туралы қаулыға Астананың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айгүл Шағалтаева қол қойды. Ол 1 қазаннан бастап елордада ЖРВИ және тұмаумен ауыратын науқастар санының артқанын хабарлады. Соңғы аптада қалада ЖРВИ-дің 23 002 жағдайы тіркелді, бір аптада ауырған жандар саны 1,5 есеге өсті. Науқастардың 60%-ы 14 жасқа дейінгі балалар.

ЖРВИ және тұмаумен ауыратын науқастардан алынған 285 үлгінің ішінде 116 сынама А тұмауы вирусы(H3N2) немесе Гонконг тұмауы, 6-ы Covid-19 болған. 14 жасқа дейінгі балалар арасында А тұмауы (H3N2) 26 жағдай тіркелген.

Астананың санитарлық дәрігері Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысына тапсырма берді:

  • үйде шақыруларға қызмет көрсету үшін жағдай жасау (қосымша автокөлік құралдары, жанар-жағармай материалы, тіркеушінің ауысымдық жұмысын ұйымдастыру);
  • медициналық персонал мен пациенттер үшін маска режимін сақтау;
  • бірінші кезекте жүкті әйелдер мен ЖРВИ, тұмау және олардың асқынулары (пневмония) көріністерімен 1 жасқа дейінгі балаларды күнделікті тексеру, уақтылы емдеуге жатқызуды қамтамасыз ете отырып, үйде шақыруларға қызмет көрсету;
  • медициналық ұйымдардың жұмысын сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс және мереке күндері сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін ұзарту;
  • ЖРВИ белгілері бар науқастарға онлайн-кеңес беру.

Ауруханалар мен перзентханаларда қажет болған жағдайда соматикалық бөлімшелердің төсектерін инфекциялық бөлімшелерге қайта бейіндеу, туыстарының пациенттерге баруын тоқтата тұру тапсырылды. ЖРВИ және тұмау ауыратын науқастарды емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің қоры болуы керек.

Елорданың білім басқармасының басшысына тапсырма берілді:

  • 2025 жылғы 20 қарашадан 5 желтоқсанға дейінгі кезеңге сынып санынан 30% және одан көп сырқаттанғандардың жалпы саны бар ЖРВИ тіркелген оқушыларды қашықтықтан оқытуға ауыстыру;
  • оқушылардың ЖРВИ ауруы жағдайларын бір сыныпта 20%-дан 30% – ға дейін тіркеу кезінде сынып санынан бір инкубациялық кезең ішінде жалпы білім беретін ұйымдарда оқытудың кабинеттік жүйесі жойылсын;
  • мектеп оқушыларын, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына баратын балаларды және жіті респираторлық ауру көріністерімен сабаққа жібермеу үшін әр ауысым алдында фильтр жүргізу;
  • балалардың, жасөспірімдердің және қызметкерлердің болмау себебін анықтай отырып, келуіне күнделікті мониторинг жүргізу және медициналық ұйымдарды хабардар ету;
  • бұқаралық (мәдени, мерекелік және спорттық) іс-шараларды өткізуді шектеу.

Айта кетейік елдегі эпидахуал өршіп, жеті өңірдегі оқушылар онлайнға ауысты. Ол Астана қаласы, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстары. Жалпы республика бойынша 132 мектепте 1469 сынып қашықтан оқытылатын форматқа ауыстырылды

Сондай-ақ оқыңыз