Астанада шағын бизнес салығы 3%-ға дейін төмендейді

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: kursiv.media архиві

Астанада шағын және орта бизнеске арналған жеңілдетілген декларация режиміндегі салық мөлшерлемесі 4%-дан 3%-ға дейін төмендетілмек. Тиісті жоба «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Құжатты қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы әзірлеген. Өзгеріс жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қатысты болады.

Түсіндірме жазбада бұл шараның мақсаты – шағын және орта бизнеске түсетін салықтық жүктемені азайту екені көрсетілген.

2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексі жергілікті өкілді органдарға мөлшерлемені қызмет түріне қарай 50%-ға дейін көтеруге немесе төмендетуге мүмкіндік береді. Шешім 1 желтоқсанға дейін қабылдануға тиіс.

Айта кетейік, бұған дейін әкім Дархан Сатыбалды Алматы кәсіпкерлеріне жеңілдік жасауды ұсынған еді. Алматы мәслихаты жеңілдігі бар тәртіппен жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін салық мөлшерлемесін 3%-ға дейін түсіруі мүмкін екенін қала әкімдігі хабарлады. 

Сондай-ақ оқыңыз