22 қараша күні UFC турнирінде екі қазақстандық жауынгер өнер көрсетеді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Асу Алмабаев пен Бекзат Алмахан UFC турнирінде / фото: instagram

22 қараша күні Дохада өтетін UFC Fight Night кешінде Қазақстан атынан екі спортшы Бекзат Алмахан мен Асу Алмабаев октагонға шығады.

Бекзат Алмахан – грузин қарсыласқа қарсы

Бекзат өз салмағында мықты деп саналатын грузин файтер Александр Топуриямен жолығады. Топурияның агрессивті стилі бұл кездесуді Бекзат үшін маңызды сынаққа айналады.

Асу Алмабаев америкалық Алекс Переспен кездеседі

Алмабаев UFC-дегі алты жекпе-жектің бесеуінде жеңіске жеткен. Қарсыласы Перес – 2020 жылы чемпион атағы үшін айқасқан тәжірибелі спортшы, бірақ соңғы жылдары нәтижесі төмендеген. Сарапшылар бұл жұптасуды Асу үшін тиімді деп санайды: Перестің грепплинг пен джиу-джитсудағы әлсіз тұстары бар, бұл Алмабаевқа алғашқы раундтарда-ақ жеңіске жетуге мүмкіндік береді.

Жеңіс жағдайында Асу чемпиондық үшін жекпе-жекке жолдама алып, тіпті чемпион Александр Пантожамен белбеу үшін белдесуі мүмкін.

Қазақстандық көрермен Қатар елінде өтетін UFC кешін SSKZ телеарнасынан немесе setantasports.com сайтынан сағат 21:00-де көре алады.

Еске сала кетейік, Асу Алмабаев соңғы жекпе-жегінде Перу өкілі Хосе Очоаны төрешілер шешімімен жеңген еді.

Сондай-ақ оқыңыз