Чехияда екі жолаушы пойызы соғысып, ондаған адам зардап шекті

20 қараша, бейсенбі күні Чехияда екі жолаушы пойызы соғысты. Апат салдарынан 40 шақты адам зардап шекті. Бес адам ауыр жараланды. Бұл туралы Reuters хабарлады.
Жергілікті құтқарушылардың мәліметінше, теміржолдағы апат Парага қаласынан оңтүстікке қарай 132 км жерде болған. Екі пойыздағы жолаушылардың бәрі эвакуацияланды.
Дәрігерлердің айтуынша, ауыр жараланған бес адам ауруханаға түсті. Чехия көлік министрі Мартин Купка апат себебі анықталып жатқанын мәлімдеді. Ол жолдағы қауіпсіздік жүйесін арттыру қажет екенін Х әлеуметтік желісіне жазды.
Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа ұшыраған екі пойыздың бірі қызыл түске тоқтамай өтіп кеткен болуы мүмкін.
Биыл жазда Алматы облысында жүк пойызы көлікпен соғысып қалған. Ал наурыз айында Атырау облысындағы жүк көлігі мен пойыз соғысып, бірнеше адам зардап шеккен.