Жұманғарин 2026 жылы зейнетақы неге тек 10%-ға өсетінін түсіндірді

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: kursiv.media архиві

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сенат отырысынан кейін, брифингте зейнетақының неге тек 10%-ға өсетінен түсіндірді.

Журналистер инфляция деңгейі жоғары болуы мүмкін екенін айтып, индексация неге тек 10% екенін сұрады. Вице-премьердің айтуынша, индексация болжанған инфляциямен байланысты бекітілген.

«Біз орташа инфляцияны 9–10% деңгейінде болжаймыз. Сондықтан индексация 10% болып белгіленді. Бұл – бюджет мүмкіндіктеріне сәйкес шешім», – деді Жұманғарин.

Сондай-ақ ол зейнетақы өсімін қайта қарау жоспарланбағанын айтты.

«Өзгеріс болмайды, 10% болып қалады. Бұл көрсеткіш бюджетке енгізілген», – деді вице-премьер.

Айта кетейік, 2026 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы қанша теңгеге өсетіні жайлы жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз