Қазақстанның 4 қаласында жеңілдетілген пәтерлерге өтінім қабылдау басталды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Застройщик заложил квартиры жителей Косшы в банке без их ведома
Кезекте тұрғандар пәтерлерін броньдау үшін өтініш бере алады / Фото: kursiv.media архиві

Қазақстанның бірқатар қалаларында кезекте тұрғандар үшін пәтер брондауға өтініш қабылдау басталды. Барлық пәтер таза әрленген күйінде беріледі. Бір шаршы метрдің құны 220 мың теңгеден басталады. Бұл туралы kursiv.media порталы krisha.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Кімдерге беріледі?

  • І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар;
  • мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған немесе асырап отырған отбасылар;
  • көпбалалы отбасылар;
  • жесір әйелдер;
  • жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілгендер, сондай-ақ басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлер.

Петропавл

Петропавл қаласында кезекте тұрғандар үшін жаңа тұрғын үй кешенінен (Ш. Уәлиханов көшесі, 1/2 мекенжайы бойынша) пәтерлер бөлінуде.

1 шаршы метрдің құны 230 000 теңге.

Таза әрленген күйдегі 90 пәтер (1, 2 және 3 бөлмелі) брондауға қолжетімді.

Пәтерді 24 қарашаға дейін брондауға болады.

Сондай-ақ Петропавлда кезекте тұрғандар үшін Крепостная көшесі, 143 мекенжайындағы тұрғын үй кешенінен де пәтерлер бөлінген. Бұл жерде әртүрлі бөлмелі және алаңдағы 72 пәтер қолжетімді. Барлығы таза әрленген күйде.

1 шаршы метрдің құны 230 000 теңге.

Пәтерді таңдау мерзімі: 20 қарашадан 5 желтоқсанға дейін.

Түркістан

Кезекте тұрған азаматтарға Жаңа Қала шағынауданындағы 14 және 15-көшелерде орналасқан жаңа тұрғын үйлерден пәтерлер ұсынылуда.

Жалпы саны әртүрлі бөлмелі 34 пәтер.
1 шаршы метрдің құны 220 000 теңге.
Өтінімдер 25 қарашаға дейін қабылданады.

Тобыл, Қостанай облысы

Кезекте тұрған азаматтарға Байтерек шағынауданы, 10-үй мекенжайында орналасқан жаңа тұрғын үй кешенінен пәтерлер ұсынылады.

Барлығы таза әрленген 44 пәтер бөлінген.

1 шаршы метрдің құны 253 584 теңге.

Пәтерді 27 қарашаға дейін брондауға болады.

Орал

Орал қаласында Зачаганск кенті, Ақжайық шағынауданы, 20-үй мекенжайындағы жаңа тұрғын үй кешенінен пәтер беріледі.

1 шаршы метрдің құны 226 350 теңге.

Қазіргі уақытта тек бір бөлмелі бір ғана пәтер қолжетімді.

Пәтерді 28 қарашаға дейін брондауға болады.

Еске салып өтейік, 2026 жылдан бастап Қазақстанда ипотека беру тәсіліне жаңа модель енгізіледі. Жылдық тиімді мөлшерлеме (ЖТМ) енді LTV коэффициентіне – несие сомасының тұрғын үй құнына қатынасына қарай дифференцияланады.

Сондай-ақ оқыңыз