Заңгер Айгүл Орынбекке үш бап бойынша айып тағылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Заңгерге үш бап бойынша айып тағылған/фото: Ақорда

Заңгер Айгүл Орынбекке қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып тағылды. Ақпаратты Шымкент қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі растады.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, Айгүл Орынбекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды:

  • Қылмыстық кодекстің 190-баптың 3-бөлігі 1-тармағы – ірі көлемде жасалған алаяқтық;
  • 407-баптың 2-бөлігі – сотқа дейінгі тергеуге кедергі келтіру;
  • 423-бап – сотқа дейінгі іс деректерін жария ету.

Журналист Михаил Козачков Telegram арнасында Шымкент қаласы прокуратурасының ресми жауабын жариялаған. Ол жерде қылмыстық іс Шымкент қаласы полиция департаментінің өндірісінде екені, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгені айтылған.

фото: Telegram/https:/kozachkow

Бұған дейін Шымкентте мемлекеттік қызметшіден 10 млн теңге бопсалады деген күдікпен блогер-журналист ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыз