Алғабастағы өрт: ауыр жағдайдағы науқас Шымкентке жеткізілді

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
ТЖМ ұшағы
вертолет МЧС
Алғабастағы өрт: ауыр жағдайдағы науқас Шымкентке жеткізілді / Фото: ТЖМ

Түркістан облысы Алғабастағы өрт салдарынан ауыр жағдайда жатқан науқас лайықты көмек алу үшін Шымкент қаласына жеткізілді, деп хабарлайды ТЖМ.

Министрлік ақпаратына сүйенсек, ол ТЖМ тікұшағының санитарлық рейсімен Жетісайдан Шымкентке жеткізілген.

«Қазавиақұтқару авиациялық қызметінің тікұшағы Түркістан облысының Жетісай ауданынан Шымкент қаласына санитарлық рейс орындады», – делінген хабарламада.

Санитарлық рейс «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» РМҚК-ның үйлестіруімен ұйымдастырылған. Түркістан облысындағы өрт салдарынан зардап шеккен, 1990 жылғы азаматша Шымкент қаласындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілген.

«Гипербариялық орталық Шымкентте орналасқандықтан, ал Жетісай ауданында шұғыл медициналық көмек көрсетуге қажетті арнайы жабдықтар жеткіліксіз болғандықтан, науқасты тасымалдау қажет болды», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Ақпаратқа сүйенсек, экипаж санитарлық рейсті сәтті орындаған. Зардап шеккен азаматшаны межелі жерге жеткізілді. Қону сәтінен кейін азаматша арнайы мамандандырылған дәрігерлердің бақылауына тапсырылды.

Айта кетейік, 18 қараша таңертең Алғабастағы екі қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 12 адам мерт болған. Олардың жетеуі бір отбасының адамы. Қалғаны үй иесінің ағасының төрт баласы мен анасы екені белгілі.

Қазіргі таңда өрттің себебі анықталуда. Ал полиция оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

Сондай-ақ оқыңыз