Армения премьер-министрі Никол Пашинян Астанаға ұшып келді

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Никол Пашинян в Астане
Армения премьер-министрі Никол Пашинян Астанаға ұшып келді / Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Армения премьер-министрі Никол Пашинян ресми сапармен Қазақстанға келді. оны ұшақ трапынан Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов күтіп алды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

«Бағдарлама аясында 21 қараша күні екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша бірқатар кездесу жоспарланған», – делінген ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Армениямен көші-қон ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы Заңға қол қойғаны туралы жазған едік. Құжат екі елдің азаматтарына бір-бірінің аумағына визасыз 90 күнге дейін келуге және болуға мүмкіндік береді.

Пашинян Астанаға президент Тоқаевтың шақыртуымен келетінін Ақорда 17 қарашада жария еткен.

Сондай-ақ оқыңыз