Ақмола облысында авто тасымалдайтын көлік аударылып қалды (видео)

Ақмола облысында жаңа автокөліктер тиелген авто тасымалдайтын көлік аударылып қалды.
Бүгін 12:00 шамасында «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 239-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 1979 жылы туған, «Ситрак» маркалы авто тасымалдайтын көліктің жүргізушісі Қостанай қаласы бағытында жүріп келе жатқан. Басып озу кезінде ол рульді басқара алмай қалған. Содан кейін аса ауыр жүк көлігі жолдан шығып, аударылып қалған.
Автокөлікте 8 жаңа қытай жеңіл көлігі болды. Апат кесірінен зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші Алматыдан Қостанайға бет алған.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Барлық қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін тиісті шешім қабылданады.
Айта кететін жайт, 23 қарашадан бастап жол ережелеріне енгізілген өзгерістер күшіне енеді.