Геннадий Головкин World Boxing президенті болып сайланды

Қазақстан Олимпиада комитетінің президенті, әйгілі боксшы Геннадий Головкин Италияның Рим қаласында World Boxing президенті болып сайланды.
23 қарашада Римде ұйымның конгресінде Головкин Борис ван дер Ворсттың лауазымын ресми түрде қабылдайды. Головкиннің кандидатурасын тәуелсіз сарапшылар комиссиясы мақұлдады.
World Boxing 2023 жылы ХОК-пен өзара әрекеттесу және IBA танудан айырылғаннан кейін боксты олимпиадалық бағдарламаға қайтару үшін құрылған.
Геннадий Головкин осыдан бір ай бұрын халықаралық World Boxing ұйымының президенттігіне өз кандидатурасын ұсынған.
Осыған дейін Головкин World Boxing президенттігіне жалғыз үміткер болған жазған едік. Грекия бокс федерациясының президенті Харис Мариолис World Boxing ұйымы басшысы лауазымына өз кандидатурасын ресми түрде қайтарып алған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Головкин өзінің соңғы жекпе-жегін өткізу жоспары бар екенін айтқан еді.