Алматы облысында жер сілкінді
Жарияланды

23 қарашада кешке Алматы облысы аумағында жер сілкінді. Бұл туралы Kursiv.Media Қазақ Ұлттық дерекдер орталығы мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Сейсмикалық станциялар жексенбі күні кешкі сағат 18:12-де Алматы облысы аумағында жер сілкінісін тіркеді. Дүмпу ошағы Жалаңаш ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 11 км жерде орналасқан.
Жергілікті мамандар дүмпу магнитудасын 3,7 балл деп бағалады.
Сонымен бірге, 24 қарашада Астана уақытымен түнгі сағат 02:44-те Қытай аумағында қуаты 4,5 балл болатын жер сілкінісі тіркелді. Дүмпу ошағы Шыңжаң Ұйғыр автономиялы өлкесінде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасына жақын маңда орналасқан. Жер сілкінісі Алматы қаласынан шамамен 450-500 км жерде болған.