Шабуыл жасап, кісі өлтіруге шақырған: ҰҚК алты адамды қамады
Жарияланды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қарашада деструктивті діни ағымдардың 6 жақтаушысын ұстады. Олар Алматы, Ақтөбе, Қонаев және Шымкент қалаларында терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген.
Тергеу болжамына сәйкес, олар діни негізде шабуыл жасап, кісі өлтіруге шақырған.
«Тінту барысында олардан атыс және суық қару, сондай-ақ көптеген діни әдебиет тәркіленді. Сот санкциясымен олар қамауға алынды», – делінген ақпаратта.
Сондай-ақ 3 қарашада терроризмге шақыру материалдарын таратқан Ақтөбе облысының тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал жыл басынан бері террористік және экстремистік әрекеті үшін 83 адам ұсталып, 97 адам сотталды.