Қазақстандықтар Димаштың қауіпсіздігіне алаңдай бастады

Қазақстандықтар әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің қауіпсіздігіне алаңдай бастады. Бұған оның ұшақта жалғыз ұшуы түрткі болған.
Соның бірі – Сәуле Түркия.
«Жалпы, Димаштың ешқандай қорғаушысыз жалғыз жүруі өте алаңдайтын жағдай. Оны қарапайым болған соң солай деп мақтанудың қажеті жоқ. Димаш – қазақтың атын әлемге танытқан өте талантты әнші. Неге Димашта жеке қауіпсіздігін қорғайтын қорғаушысы жоқ?! Осы қазақ неге сондай қамсыз?! Мәлкілдеген шалдарға бюджеттен қанша ақша шығарып қорғаушы ұстаймыз. Олардың қасында Димаш кім? Ойланатын жағдай!» – деп жазды Сәуле әлеуметтік желіге.
Кейбіреулер Димаштың оққағарсыз, күзетсіз, қарапайым адамдардай ел арасында жүргеніне қатты таңырқап отыр. Мұны «ғажайыпқа» теңегендер де бар.
«Менде қандай ерекше, сиқырлы ұшу болды десеңізші. Бір бортта, қасымда Димаш Құдайберген отырып қалды. Ол ешқандай күзетсіз. Ілесіп жүрген адам жоқ. Көзілдірік пен маска тағып алған. Ұшақ қонған соң жүгіріп кетті. Атақтылардың атақтысы. Бірақ сондай қарапайым, ешқандай паңдық жоқ. Онымен қатар отырып, осындай селфи жасағаныма бақыттымын. Ғалам, рақмет, саған», – деп жазды қазақстандық Юля Родина.
Айта кететін жайт, Димаш Құдайберген ақын Мұхтар Шахановқа ұлының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.