6 млн теңгеге дейін жеңілдік: Hyundai көліктері де арзандап жатыр
Hyundai Premium Astana дилерлік орталығы 30 қарашаға дейін жеті модельге жаппай жеңілдік ұсынып жатыр. Акция шеңберінде ұсынылатын максималды жеңілдік 6 млн теңгеге жуықтайды.
Науқан аясындағы ең үлкен жеңілдік 7 орынға арналған PALISADE моделіне жасалған. Көліктің өз бағасы 39 млн 890 мың теңге тұрады. Алайда жеңілдік науқанының арқасында 5 млн 983 мың теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік бар.
Жеңілдіктер тек PALISADE-пен шектелмейді. Мысалы:
- SANTA FE Modern – шамамен 4,7 млн теңгеге дейін төмендетілген бағада;
- TUCSON Prime 2.0 – 3,5 млн теңгеге дейін жеңілдікпен ұсынылуда;
- Ал седан үлгісіндегі SONATA Base – 2,3 млн теңгеге дейін арзандаған.

Айта кетейік, 2025 жылдың қазан-қараша айларында Қазақстанда бірнеше ірі бренд бір уақытта жеңілдіктер жариялап, нарықта ерекше динамика байқалды. Changan, Chery, Haval модельдері арзандады, Hyundai мен KIA танымал әрі қашан да сұранысқа ие моделдеріне 3 млн теңгеге дейін бұрынғыдан тиімдірек баға ұсынып, «7-20»25» сынды тартымды несиелік бағдарламаларды іске қосты.