Украинада балалары төбелескен әкелер мектеп ауласында тапаншамен атысты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Жәбірленуші ішінен және аяқ тұсынан жараланған / фото: shutterstock
Жәбірленуші ішінен және аяқ тұсынан жараланған / фото: shutterstock

Украинаның Львов қаласында балалар арасындағы жанжалға араласқан ата-аналар мектеп ауласында оқ атып, атысып кеткен.

Униан ақпаратына қарағанда, бұл туралы Львов қалалық кеңесінің білім және мәдениет департаментінің директоры Андрей Закалюк хабарлады.

Оның айтуынша, бір сыныпта оқитын және өзара жанжалдасып, төбелесіп қалған балалардың әкелері директор кабинетіне шақырылған. Кездесуден кейін де ересектер сөз таластыруын тоқтатпаған. Бір кезде ер адамдардың бірі пневматикалық тапанша алып оқ ата бастаған. Алдын ала мәлімет бойынша төрт рет атқан.

Жәбірленуші ішінен және аяқ тұсынан жараланған. Оқиға орнында полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқушылар мен мұғалімдер дін аман. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Ал Қазақстанда, атап айтқанда, Түркістан облысында жанжал арты атысқа ұласып, бір адам қаза тапты.

Сондай-ақ оқыңыз