«Қайрат» футболшылары Данияда алғашқы жаттығуын өткізді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: fckairat

Алматылық «Қайрат» Дания астанасына келіп, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші турға дайындықты бастады. Команда «Копенгагенге» қарсы өтетін маңызды матч алдында алғашқы жаттығуын өткізді. Кездесу 26 қараша күні «Паркен» стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 22:45-те басталады.

Төрт турдан кейін, екі команда да бір-бірден ұпай жинаған. Турнирлік кестеде «Копенгаген» 33-орында, ал «Қайрат» 34-орында тұр. Дат клубы тек голдар айырмасына байланысты алматылықтардан жоғары орналасқан.

Бұған дейін «Қайрат» сырт алаңда «Интерден» 1:2 есебімен жеңіліп қалған еді. Ал «Копенгаген» Лондонға қонаққа барып, «Тоттенхэмнен» 0:4 есебімен ойсырай ұтылды.

Сондай-ақ оқыңыз