Астанада өзеннен оқушының мәйіті табылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды/фото: shutterstock

Астанада өзеннен оқушының мәйіті табылды. Бұл туралы қала полициясы хабарлады.

Ресми ақпарат бойынша, 24 қарашада сағат 21:00-де полицияға елорда тұрғынынан 18:30 шамасында қызының үйден шығып кетіп, байланысқа шықпай қойғаны туралы арыз түскен.

«Қызды іздеуге жедел түрде полицияның жеке құрамы, еріктілер және өзге де күштер жұмылдырылды. Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде мектеп оқушысының мәйіті өзеннен табылды», – делінген ақпаратта.

Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз