Дрон шабуылынан Каспий құбыры концорциуымының ғимараты зақымданды

Каспий құбыры концорциумы Теңіз терминалы ғимараты зақымданғанын хабарлады.
Концорциум 25 қараша күні түнде Новороссийск маңындағы дрон соққысы Теңіз терминалының әкімшілік корпусына залал келтірген. Қазақстан мен Ресейдегі Теңіз – Новороссийск мұнай құбыры жүйесінің жұмысын басқаратын КҚК Бас басқару орталығы Оңтүстік Озереевкада орналасқан.
«Зардап шеккендер жоқ. Қала бойынша жарияланған «Ұшқышсыз аппарат қаупі» дабылынан кейін, қызметкерлер бірден паналау орындарына эвакуацияланды. Жүк операциялары айлақтағы қашықтағы тиеу құрылғыларында уақытша тоқтатылды. Краснодар өлкесінің губернаторы Вениамин Кондратьев түнгі шабуылды соңғы уақыттағы ең ұзақ әрі жаппай азаматтық нысандарға жасалған соққылардың бірі деп атады», – делінген ақпаратта.
КҚК 2025 жылы 24 қыркүйекте Новороссийскідегі КҚК Теңіз терминалының қалалық кеңсесі де БПЛА соққысына ұшырағанын еске салады. 17 ақпанда Каспий Құбыр Консорциумының ең ірі мұнай айдау нысаны – «Кропоткинская» мұнай айдау станциясына бірден жеті БПЛА шабуыл жасаған.
Шабуыл белгілі бір уақыт аралығымен болған. Мақсат нысанның жұмысын ғана емес, станцияның жедел персоналы арасында адам шығынын да тудыру болған. «Кропоткин» мұнай айдау станциясы қалпына келтіру жұмыстарынан кейін 2025 жылдың мамырында қайта іске қосылды.
Айта кетейік, бұған дейін Энергетика министрлігі Новороссийскідегі «Шесхарис» ауыстырып тиеу кешеніндегі мұнай базаларының біріне дрон шабуылы жасалғаннан кейін мәлімдеме жасаған еді.