Қазақстанда сәби өлімі 19,3%-ға азайды –ДСМ

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: kursiv.media архиві

Қазақстанда сәби өлімі азайып келе жатыр. Биылғы жылдың 9 айында нәресте өлімі 19,3%-ға төмендеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

«2025 жылдың 9 айында нәресте өлімінің көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,3% -ға төмендеп, 1000 тірі туылғанға 5,84 құрады (2024 жылы – 7,24). Мұндай нәтижелер алғашқы медициналық көмекті дамыту, ана мен бала денсаулығын сақтау қызметтерін нығайту, жаңа туған нәрестелерді бақылаудың заманауи хаттамаларын енгізу бойынша жүйелі жұмыстардың арқасында мүмкін болды»,–  деді Денсаулық сақтау министрлігінің бірінші вице-министр Тимур Сұлтанғазиев.

Бірінші вице-министрдің айтуынша, үш өңірде: Атырау, Абай және Жетісу облыстарында неонаталдық өлім көрсеткіштерін жақсарту үшін әлеует бар. Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін шаралар қабылдауда.

 Алайда елімізде кесар тілігі арқылы бала туу көбейді. Мәселен, 2000-жылдарға дейін орта есеппен жалпы сәби дүниеге келген жағдайда тек 6-7%-ына ғана ота жасалған.  

Сондай-ақ оқыңыз