Kia, Hyundai, Geely, Changan, Chery және BYD қандай жеңілдіктер ұсынып отыр

Жарияланды
Автодилерлер жаппай жеңілдіктер жариялады / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстандағы ресми автодилерлер қараша айының ортасынан бастап қомақты жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстар әзірледі. Сатып алушылар үшін тартымды акциялар, тиімді несие бағдарламалары іске қосылды. Бұл – маусымдық шара ғана емес, нарықтағы бәсекелестікті күшейту және сұранысты ынталандыру стратегиясының көрінісі.

Kia: Sportage және басқа модельдерге қомақты жеңілдіктер

Kia жеңілдіктер бойынша көшбасшы болды. Қазіргі кезде Sportage кроссоверін 4 162 000 теңгеге дейінгі жеңілдікпен сатып алуға болады. Арнайы бағалар тек қарашаның соңына дейін қолданылады. Comfort комплектациясы – 12,9 млн теңге, Lux – 13,6 млн теңге тұрады.

Сонымен қатар Kia арнайы несие бағдарламаларын ұсынды. 4%-дық мөлшерлеме, 50% алғашқы жарна, жалпы мерзімі 7 жыл. Жеңілдік пен жеңілдетілген несие сатып алушыларға айтарлықтай тиімді болып отыр.

Kia тек Sportage-бен шектелмейді – Seltos, Cerato, Ceed сияқты басқа танымал модельдерге де арнайы ұсыныстар бар. Дилерлер үшін бұл сатылымды ынталандырудың тиімді құралы, ал сатып алушылар үшін – қомақты соманы үнемдеп қалу мүмкіндігі.

Hyundai: барлық модельге жеңілдік жариялады

Hyundai «Black Hyundai» акциясын бастады, оған брендтің барлық модельдік қатары қатысады. Кейбір модельдер бойынша жеңілдік шамамен 3 млн теңгеге дейін жетеді. Сонымен қатар дилер 7 жылға дейінгі мерзімде төмен пайыздық мөлшерлемемен арнайы несие бағдарламаларын ұсынады.

Акция сатып алушыларға кез келген жаңа Hyundai модельін алуға мүмкіндік береді. Дилерлер осындай жеңілдік арқылы нарықтағы үлесін сақтап, Kia, Changan және Geely сынды өндірушілермен тең дәрежеде бәсекеге түсе алады.

Бұл «науқаннан» қытайлық дилерлер де қалыс қалмады

Geely де үлкен жеңілдіктер мен сыйлықтар ұсынды. Atlas, Okavango, Emgrand, New Coolray және Monjaro модельдері айтарлықтай арзандады. Жеңілдіктер 3-5,7 млн теңге аралығында.

Сонымен қатар кейбір модельдерді сатып алған кезде төрт тегін техникалық қызмет көрсету ұсынылады. Мұндай ұсыныс сатып алушылар үшін әлбетте тиімді. Әсіресе, толық жабдықталған кроссовер алғысы келетіндерге ұнайтыны анық.

Changan және Chery: жергілікті өндіріс және бағаның 19,5%-ға дейін төмендеуі

Changan және Chery бағасының төмендеуінің басты себебі – Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытының іске қосылуы. 2025 жылдың қыркүйегінен бастап Changan және Chery көліктері Қазақстанда құрастырылып, шығарыла бастады. Бұл өз кезегінде бағаларды төмендетуге мүмкіндік берді.

Changan 10-19,5% аралығында жеңілдіктер ұсынды. Науқан барлық 26 ресми дилерлік орталықтарда қолжетімді. Мысалы, Tiggo 2 PRO (Style) 8,19 млн-нан 6,99 млн-ға дейін арзандады.

Chery де едәуір жеңілдіктер ұсынады: Tiggo 4, Tiggo 7, Arrizo 6 және Arrizo 8 кроссоверлері мен седандары бірнеше миллион теңгеге арзандады. Chery көліктеріне 5 жыл немесе 150 000 шақырым кепілдік береді. Бұл да жақсы маркетингтік қадам, сатып алушылар үшін тиімді шешім болмақ. Жергілікті өндіріс логистикалық шығындарды азайтып, бағаны тұрақты түрде төмендетеді.

BYD: қысқа мерзімді «супержеңілдік» акциясы

BYD көліктері де акцияға қатысты – 21-30 қараша аралығында кейбір электромобильдер мен гибридтерде 2,5 млн теңгеге дейінгі арзандады.

Акцияға қатысатын модельдер: Song Plus EV, Song Plus DM‑i, Han және Sealion 7. Мысалы, Song Plus EV – 14,44-15,41 млн теңге, Han – 19,99 млн теңге. BYD жеңілдіктері электромобиль сатып алушылар үшін ерекше тиімді, себебі бұл сегменттегі көліктер әдетте қымбатырақ тұрады.

Қазақстандықтардың сүйікті Toyota-сы жеңілдіктер науқанынан тыс қалды

Toyota әлі ресми жеңілдік жариялаған жоқ. Жаңа Camry 2025 бұрынғыша
18 390 000 тенге бастапқы бағамен сатылып жатыр. Көрші сегменттегі қытай және корей брендтерінен келіп жатқан қысым Toyota-ны да алдағы айларда жеңілдікке баруға итермелеуі мүмкін.

Қазір көлік алу тиімді ме әлде тағы күте тұру керек пе?

Қомақты жеңілдіктер мен акциялар Қазақстандағы автонарық жаңа кезеңге өткенін көрсетеді. Бәсекелестік күшейіп, брендтер бағаны төмендетуге және қосымша ұсыныстар жасауға мәжбүр болды.

Мәселен, сатып алушылар үлкен жеңілдіктер, тиімді несие және тегін техникалық қызмет мүмкіндіктерінен пайда алады. Changan және Chery көліктерінің елде өндірілуі көліктерді қолжетімді етеді. BYD акциясы қысқа мерзімді болса да, электромобиль алғысы келетіндерге айтарлықтай ақша үнемдеуге мүмкіндік береді.

Үлкен жеңілдіктер, тиімді несие шарттары және қосымша сыйлықтар – 2025 жылдың қарашасы жаңа автомобиль сатып алу үшін тиімді кезең екенін аңғартып отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Hyundai-дың көліктеріне 6 млн теңгеге дейін жеңілдік жариялағанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз