Алматыда Сейфуллин даңғылында дүкен мен көлік жөндеу цехы өртеніп жатыр

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
өрт пожар fire shutterstock
Фото: shutterstock

Алматы қаласы Сейфуллин даңғылында дүкен, монша және техникалық қызмет көрсету станциясы өртеніп жатыр. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Министрліктің баспасөз қызметі өрт туралы мәліметті 26 қарашада таңғы сағат 8 шамасында таратты.

Нақтыланған мәліметтер бойынша, жеке тұрғын үй аумағында техникалық қызмет көрсету станциясы, монша және дүкен өртеніп жатыр. Өрттің ауданы анықталады. Құтқарушылар өртті жергілікті уақытпен сағат 08:32-де сөндірді.

Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 22 қарашада Қостанайда көпқабатты үйде шыққан өрттен бес адам, оның ішінде бір бала құтқарылды.

Ал 21 қарашада Өскеменде қорғасын зауытында өрт шықты.

Сондай-ақ оқыңыз