Жетісу облысында жер сілкінді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
жер сілкінісі жер сілкінді жерасты дүмпуі
фото: shutterstock

26 қарашада Астана уақытымен сағат 07:15-те Жетісу облысында жер сілкінді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Сарыөзек тұрғындары сезді

Дүмпуді министрліктің «Сейсмологиялык зерттеу институтына» қарасты сейсмикалық станциялары сезді.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 160 км жерде орналасқан.

Жетісу облысы Сарыөзек ауылының тұрғындары 2 балдық тербелісті сезді.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам

  • Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  • Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
  • Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
  • Жасырынатын жерді табыңыз – жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
  • Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);
  • Көп қабатты үйлерде дүмпу аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
  • Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
  • Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  • Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
  • Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
  • Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

    Естеріңізге сала кетейік, екі күн бұрын ғана Алматы облысы аумағында жер сілкінген. Ал 18 және 20 қарашада Қытайдың Шыңжаң өлкесінде жерасты дүмпулері сезілген.

    Сондай-ақ оқыңыз