Трамп соғысты тоқтату үшін арнайы елшісін Путинмен кездесуге жіберді

АҚШ Президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату мәселесінде «ауқымды прогреске» қол жеткізгенін мәлімдеді. Енді өзінің арнайы өкілі Стив Уиткоффқа Мәскеуде Президент Путинмен кездесуге жібермекші.
АҚШ дайындаған бастапқы 28 тармақтық бейбіт жоспар екі жақтың қосымша ұсыныстарымен нақтыланып, тек бірнеше шешілмеген тармақ қалды.
«Бейбіт жоспар бойынша жұмысты аяқтау мақсатында мен өзімнің арнайы елшім Стив Уиткоффқа Мәскеуде президент Путинмен кездесуді тапсырдым. Сонымен қатар, армия министрі Дэн Дрисколл Украина тарапымен кездесу өткізеді», – деді Трамп.
Президент Трамп қол жеткізілген барлық прогресс туралы оған вице-президент Джей Ди Вэнспен, Мемлекеттік хатшы Марко Рубиомен, Қорғаныс министрі Пит Хегсетпен және Ақ үй аппарат басшысы Сюзи Уайлспен бірге баяндап отыратынын айтты.
Трамп сонымен қатар жақын арада Зеленскиймен және Путинмен кездесуге үміттенетінін мәлімдеді. Бірақ бұл кездесулер «соғысты тоқтату туралы келісім аяқталған немесе финалдық сатыға шыққан кезде ғана» өтетінін баса айтты.
Осыған дейін АҚШ пен Украина Ресеймен арадағы соғысты доғару жөніндегі келіссөздерді талқылаған еді. Ақ үйдің мәлімдеуінше, украин делегациясы ұсыныс олардың «ұлттық мүддесіне сай» келетінін айтқан.