Контрабандалық жолмен шетелге 30 мың тонна жанармай экспорттағандар ұсталды (видео)

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: kursiv.media архиві

Ақтөбе облысында контрабандалық жолмен 8 млрд теңгенің мұнай өнімдерінің ұрланғаны анықталды.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, екі өңірде ұйымдастырушылардың нұсқауымен шамамен 60 тонна мұнай өнімін заңсыз тасымалдаған жүк көліктерінің жүргізушілері ұсталды.

Тінту кезінде қосымша 400 тонна мұнай өнімі, атыс және газ қарулары мен заңбұзушылықтарды растайтын құжаттар табылған.

«Басқа қылмыстық іс шеңберінде шетелге мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен шығару арнасына тартылған компанияның қызметі тексерілуде. Алдын ала деректер бойынша кәсіпорын құны шамамен 8 млрд теңгені құрайтын 30 мың тоннадан астам жанармайды экспорттаған«,– делінген ведомтво хабарламасында.

Қазан айында шекара маңындағы теміржол бекеттерінің бірінде аталған компанияға тиесілі 300 тонна жанармай тиелген 4 вагон ұсталған болатын. Олар көрші мемлекетке бет алған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Осыған дейін Қазақстан мен Өзбекстан құқық қорғау органдары жер асты жолымен заңсыз жанар-жағармай өткізумен айналысқан халықаралық қылмыстық топтың жолын кескен еді. Қылмыстық топ екі елдің шекарасында ұзындығы 450 метр болатын жерасты туннелін қазып, сол арқылы жанар-жағармай тасымалдаған. 

Сондай-ақ оқыңыз